+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

«Алтын Орда» базарындағы жанжал: қылмыстық іс тоқтатылды

2021 жылғы 1 сәуір 17:07
Бөлісіңіз:
«Алтын Орда» базарындағы жанжал: қылмыстық іс тоқтатылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы іргесіндегі «Алтын Орда» базарында жанжалдасқан көлік жүргізуші мен автотұрақ қызметкері татуласып, қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шиеліде катамараннан көлге құлап кеткен жігіт ажал құшты Түрмеде жазасын өтеп жатқандар жанұяларымен бейнебайланыс арқылы жүздесті Израиль әуе күштері Газадағы Associated Press пен Al Jazeera кеңселерінің ғимаратын жойды

«Алтын Орда» базарында жанжалдасқандар татуласып, қылмыстық іс тоқтатылды. Қос тарап өз кінәларын мойындап, бір-бірлерінен кешірім сұрады және істің тоқтатылуын өтінді», - делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ресми мәлімдемесінде.

Естеріңізге сала кетейік, 30 наурыздағы екі азамат арасындағы жанжал автотұрақ ақысына қатысты шыққан. Қалтасында 100 теңгенің жоқтығын айтқан көлік жүргізушісі 20 мың теңге бере алатынын болмаса төлемді банк картасына ақша аудару арқылы жасай алатынын жеткізеді. Бірақ автотұрақ қызметкері аударымды қабылдай алмайтынын айтып, көлік иесінің автотұрақтан шығуын өтінеді. Осы сәтте тұрақ қызметкерінің сөйлеу мәнері ұнамаған жүргізуші көліктен түседі. Ары қарай сөзге келіспей қалған азаматтар арасында жанжал туындайды. Жазбаға көлік қожайынына қызметкердің пышақ ала жүгірген сәті мен жүргізушінің автотұрақта жұмыс істейтін азаматты жағасынан алып, басымен ұрған кезі түсіп қалған. Артынша базарға келген адам көлігіне отырып, оқиға орнынан кетуге әрекеттенеді. Осы сәтте базардағылар көліктің кетуіне кедергі жасауға тырысады. Істің насырға шапқаны сонша осы кикілжіңге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

«Бұзақылық» бабы бойынша қозғалған іс қос тараптың татуласуына байланысты тоқтатылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT