«Алтын Орда» базары ауданындағы автожол учаскесін реконструкциялау қазанда аяқталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы қаласындағы «Алтын Орда» базары ауданындағы автожол учаскесін реконструкциялау қазанда аяқталады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы қаласындағы «Алтын Орда» базары ауданындағы автожол учаскесі алып мегаполистің барлық тұрғындарын толғандырады. Республика Премьер-Министрінің тапсырмасына сәйкес, қазан айында осы көлік жол айырығындағы жұмыстар толығымен аяқталады», - деді Берік Камалиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Министрлік мәліметінше, бүгінгі таңда аталған учаскеде барлық негізгі жұмыс аяқталған. Транзиттік көліктің өтуі үшін эстакаданың құрылысы жедел қарқынмен жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар