Алтын адам: Қорымның тоналғанына қарамастан бұл сенсациялық жаңалық болды - археолог

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ә.Марғұлан атындағы археологиялық институттың Ақтөбедегі өкілі алтын бұйымдарымен жерленген адамның табылуын сенсациялық жаңалыққа балады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Археолог Арман Бисембаев әлеуметтік желіде өз жаңалығымен бөлісті. «Ә.Марғұлан атындағы археологиялық институттың ұжымы Ақтөбе облысында қазба жұмысын жүргізді. Бірер күн бұрын біз Темір ауданындағы «Тасқопа 1» қорымында ақсүйектің қабірін тауып, сенсациялық жаңалық аштық. 5,7 метр тереңде жатқан қабірден ертеректе тоналғанына қарамастан алтыннан жасалған ат әбзелі, жерлеуге арналған салтанатты киім (бас киімі болуы мүмкін) табылды. Бұл Сармат дәуіріне жатады деп болжап отырмыз. Археологиялық институт зерттеуді жалғастырады. Алда жаңалықтар болады», - деп жазды Арман Бисембаев.

Еске салсақ, Ақтөбенің Темір ауданы, Тосқопа ауылында қорымнан алтын бұйымдармен жерленген адам сүйегі табылды.
Соңғы жаңалықтар