Алтайда 18 көпбалалы отбасы баспаналы болды

None
None
АЛТАЙ. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында 18 көпбалалы отбасы қоныс тойын тойлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған 60 пәтерлік үйдің 18 пәтері көпбалалы отбасыларға беріліп отыр. Жаңа баспанаға ие болған жанұялардың көптен күткен қуанышына осы ауданға жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Даниал Ахметов те ортақтасты.

null«Бұл үлкен қуаныш. Елбасының тапсырмасы бойынша көпбалалы аналарға барынша қолдау көрсетіп жатырмыз. Олар - еліміздің мақтанышы. Ең бастысы, балалар ертеңіне сеніп өсуі тиіс. Ел іргесінің бекуіне белсенді үлес қосып жатқан отбасыларға пәтер кілтін табыстау - мен үшін үлкен құрмет», - деді Даниал Ахметов.

Баспаналы болған аналар да мемлекет көрсеткен қолдауға ризашылықтарын білдірді.

«Баспаналы болғанымызға әлі ден сене алмай тұрмын. 6 баламыз бар, ең үлкені 15-те, кішісі 2-де ғана. 15 жыл бойы пәтер жалдап келген едік. Ал бүгін өзіміздің 3 бөлмелі пәтерімізге кірдік. Қуанышымда шек жоқ», - дейді «Күміс алқа» иегері Өрік Шаймарданова.

Соңғы жаңалықтар