Алтай Көлгінов Гарвард университетінің студенттерін елордаға жұмыс істеуге шақырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Назарбаев Университетінде HPAIR Азия халықаралық конференциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен өз баяндамамда қазіргі ауыспалы замандағы оң өзгерістер жайлы қозғадым. Біз үшін басты өзгеріс ол біздің тәуелсіздік, бұрын қалай болды, қазір қандай. Одан бөлек, тағы бір нақты мысал ол біздің Ақмоладан Астанаға одан Нұр-Сұлтанға айналуы. Қаншама отандастарымызға оның ішінде жастарға мүмкіндік ашты. Атап айтқанда, Назарбаев Университеті. Мұнда 20 мемлекеттен келген жастар білім алып жатыр. Сондай-ақ, Болашақ бағдарламасы біздің таптырмас мүмкіндік және ол да заманға сай өзгерудің бір құралы. Себебі бұл бағдарлама арқылы қаншама жастарымыз әлемнің маңдайалды жоғары оқу орындарында оқып, заман көшінен қалмауда», - деді Алтай Көлгінов конференцияда.


Сондай-ақ, қала басшысы аталған шараның қазақстандық жастар үшін маңызды екенін айтып өтті.

«Сонымен қатар, мемлекет бастамасымен президенттік кадрлық резервтің әзірленуі және оған 300 жас таңдалынып алынады. Бұл да тың өзгеріс, заман талабы болып отыр. Себебі бүгінгі конференцияның тақырыбы уақыт талабына сай өзгеріс туралы болып отыр. Және бүгінгі шараға қатысып отырған Гарвард университетінің студенттерін елордаға шақырдық. Яғни осында жұмыс істеуге және тұруға. Бүгінгі шараның тағы бір маңызы Назарбаев Университетінің деңгейін көрсетіп отыр. Сондай-ақ, біздің студенттер үшін де тамаша мүмкіндік. Өйткені, әлемдік деңгейдегі Гарвард университетінің профессорлары біздің бас қаламызға келіп, өз тәжірибелерімен бөлісуде», - деді ол.


Айта кетсек, HPAIR Asia Conference 2019 (The Harvard College Project for Asian and International Relations), 1991 жылдан бері Азияның ірі қалаларында өтетін халықаралық жастар конференциясы.

Шараны HPAIR ұйымы мен Гарвард университетінің өнер және ғылым факультеті және Назарбаев Университеті бірлесе ұйымдастырған. Және конференция өзінің 28 жылдық тарихында Орталық Азияда және посткеңестік елдер арасында Қазақстанда алғаш рет өтіп жатыр.


Ұйымдастырушылардың айтуынша, бес күнге созылатын халықаралық конференцияда ғаламдық нарықтар және экономика, көркемөнер, БАҚ және мәдениет, әлеуметтік саясат және әділеттілік, энергетика және экологиялық тұрақтылық, басқару және геосаясат, ғылыми технологиялар мәселелері қозғалады.


Соңғы жаңалықтар