Алтай Көлгінов елордалықтардың мұң-мұқтажын тыңдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда әкімі Алтай Көлгінов сенбі және жексенбі күндері қаланың 54 тұрғынын қабылдап, мұң-мұқтажын тыңдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тұрғындардың негізгі мәселелері: тұрғын үй сатып алу, білім, денсаулық сақтау және тағы басқалары. Өзекті мәселелердің бір бөлігі қабылдау барысында шешімін тапты, қалғандары бақылауға алынды. Азаматтарды қабылдау »Жанұя« отбасы институтын қолдау орталығында және аудандық әкімдіктерде жүйелі түрде өткізіліп тұрады», - деп жазды А.Көлгінов Instagram-дағы жеке парақшасында.

Сондай-ақ қала әкімдігі шаһар басшысы мен оның орынбасарларының жеке қабылдауына Бейбітшілік көшесі, 11 мекен жайы бойынша (дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 09.00-ден 18.00 аралығында) немесе 556483, 556482, 556486 және 556485 телефондары арқылы жазылуға болатынын еске салды.


Соңғы жаңалықтар