Алтай Көлгінов елордадағы бизнестің жағдайы туралы айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада бизнесті қолдау қадамдары оңтайлы нәтиже берді. Бұл туралы елорда мәслихатының кезектен тыс сессиясында қала әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«9 айдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер өсімді көрсетіп отыр. Нұр-Сұлтан қаласы іскерлік пен кәсіпкерлігі қалыптасқан, өзінің кірісі жыл сайын артып келе жатқан қалаға айналды. Осы орайда мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына, елорданың қарқынды дамуына байланысты. Салық төлемдері еселеп артты. 2020 жылдың қорытындысы бойынша республикалық бюджетке аударылған төлем 1,1 трлн теңгеден асты. Пандемия кезінде карантиндік шектеулерге байланысты тиісті қиындықтар болды. Әсіресе, шағын және орта бизнес саласында орын алды. Мемлекет тарапынан бизнесті қолдау қадамдарына орай оңтайлы нәтиже болды», - деді А. Көлгінов.

Оның айтуынша, құрылыс индустриясында, өнеркәсіпте, әлеуметтік секторда өсім байқалды.

«Атап айтқанда, шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнім құрылымындағы үлесі қазіргі кезде 56,8 пайызды құрап отыр. Бұл өте жақсы көрсеткіш және осы деңгейде тоқтамауымыз керек», - деді қала әкімі.


Соңғы жаңалықтар