Алмаз Шарман коронавирустың «Eta» штамы туралы айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Профилактикалық медицина академиясының президенті, Америка денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарман Алматыдағы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде коронавирусқа қарсы вакцинация мен қорғану туралы өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, коронавирусқа қарсы екпе дерттің ауыр түрінен қорғанудың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді және қайғылы жағдайдың алдын алады. Вакциналанудан кейінгі иммундық қорғаныс вирусқа тойтарыс береді. Сондықтан екпе алудың маңызы өте зор.

«Мысалы, өткен жылдың маусымында ауырып, екпе алмағандардың ықтималдығы жоғары. Иә, белгілі бір дәрежеде вакциналар жаңа нұсқаларға қарсы тиімділігін жоғалтады, бірақ соған қарамастан, 80% жағдайда иммундық қорғаныс сақталады», - деді профессор.

Сонымен қатар, ол мутация жиілігін азайту үшін санитарлық нормаларды сақтауды жалғастыруға шақырды.

Ғалым коронавирустың жаңадан табылған «Eta» штамы туралы да айтты.

«Оның әлемде пайда болуы алғаш рет 2020 жылдың желтоқсанында белгілі болды, инфекция Нигерия мен Ұлыбританияда, ал қазір Қазақстанда анықталды. Егер бұрын коронавирус айына екі рет мутацияға ұшыраса, бүгінде жиіледі. Қазіргі уақытта «Eta» басқа толқын тудыруы мүмкін деген ақпарат жоқ. Медициналық қауымдастық бұл опцияға алаңдамайды. Коронавирустың «дельта» нұсқасы өте қауіпті», - деді А. Шарман.

Ғалым коронавирусқа қарсы вакциналану дерттің ауыр түрінен және өлімнен қорғайтынын айтты.

«Қазақстанда вакциналар болғанымен, екпемен қамту әлі де төмен. Ел тұрғындарының 60%-дан астамы вакцинаның бірде-бір дозасын әлі алған жоқ. Мысалы, Америка Құрама Штаттарының көп бөлігінде, Дания сияқты Еуропа елінде, ересек халықтың 80%-ы вакциналанған. Вакциналар вирустан қорғанудің ең тиімді жолы. Қазір біздің елдегі барлық вакциналар жаңа нұсқаларға қарсы тұра алады», - деді А. Шарман.


Соңғы жаңалықтар