Алматының таулы аймақтарында лай көшкіні жүруі мүмкін

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда лай көшкіні жүру қаупі бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен тәулікте толассыз жауған жаңбырға байланысты және «Қазгидромет» РМК дабылды ескерту негізінде 19-22 мамыр аралағында Алматының таулы аймақтарында лай көшкіні жүруі мүмкін.

«Осыған байланысты қаланың таулы аудандарында тұратын тұрғындар сумен жабдықтау желілері мен септикалық резервуарларды пайдалану кезінде сақ болу қажет. Сумен жабдықтау желілері бұзылса, бірден су құрылғысын ажыратып қажетті шараларды қолдану керек. Лай көшкіні жүруі мүмкін аумақта қазба және басқа жұмыстарды жүргізбеуге кеңес береміз», - деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.

Бір ай бұрын Алматыда тау бөктерінің бір бөлігі опырылып түскен.



Соңғы жаңалықтар