Алматының тау шыңдарында жоғалған ер адам табылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жоғалған ер адамдыМ. Мәметова шыңының мұздығында тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат ТЖМ сілтеме жасап хабарлайды.
«Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жоғалып кеткен ер адамды М. Мәметова шыңының мұздығынан тапты. Бүгін мұздықты тексеру кезінде РЖҚЖ қызметкерлерінің жаяу тобы ер адамды тапты. Ол қатты тоңып қалған, құтқарушылар оған жылы киім берді. Медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. Қазіргі уақытта РЖҚЖ жедел тобы таудан туристпен бірге түсіп келе жатыр», - делінген хабарламада.


Еске сала кетейік, 18 шілде күні турист Іле Алатауы тауларында жоғалып кеткен болатын. Іздестіруді РЖҚЖ құтқарушылары альпинизм федерациясының альпинистерімен бірлесіп жүргізді.



Соңғы жаңалықтар