Алматының тау кластерін дамыту: 1000 км астам тау бағыттары цифрландырылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тау туризмі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шаралар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала әкімі Б. Сағынтаев Instagram парақшасында Алматы тауларында туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бақылау-құтқару пункттерінің ашылатынын және тау соқпақтарын абаттандыру жұмыстарының жалғасатынын жеткізді.

«Өзінің таңғажайып табиғатымен мәшһүр Іле Алатауының таулары алматылықтар мен қала қонақтары үшін көрікті әрі тартымды мекеннің бірі. Осы орайда тауда қауіпсіздік шараларын сақтаған жөн. Біз өз кезегімізде осындай жорықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін инфрақұрылымды жақсарту бойынша жұмыстарды қолға алдық», - деді Б. Сағынтаев.

Оның айтуынша, Алматының тау кластерін дамыту аясында мың шақырымнан астам тау бағыттары цифрландырылды. Оның ішінде жалпы ұзындығы 500 шақырым болатын 36 бағыт абаттандырылды.

«Қазірдің өзінде мың шақырымнан астам тау маршруттарын цифрладық, оның жалпы ұзындығы 500 км болатын 36-сы абаттандырылды. Маршруттардың схемасы, оның күрделілігі көрсетілген ақпараттық стендтер орнатылды. 2021 жылы 120 шақырымға жететін тау жолы абаттандырылмақ. Кіші және Үлкен Алматы шатқалында екі бақылау-құтқару пунктінің құрылысы қарастырылған. 16 тау құтқарушысы тәулік бойы кезекшілік етеді», - деп жазды Б. Сағынтаев.

Алматы әкімі шалғай орналасқан 14 тораптық учаскелерде туристердің күрделі ауа райы жағдайларын күте алатын арнайы қорғану орындарының ұйымдастырылатынын айтты.

«Шалғайда орналасқан 14 тораптық учаскеде күрделі ауа райы жағдайларын күтуге болатын жасырыну орындарын ұйымдастырамыз. «Тұйық су» шатқалында тікұшақ алаңын құру жоспарда бар. Түрлі нүктелерде дабыл түймелері бар 10 радиорелелік діңгектерді орнату және «Tau Go» смарт-навигатор қосымшасын әзірлеу көзделген», - деді Б. Сағынтаев.

«Шымбұлақ» тау курорты визит-орталықтарының базасындағы және «Медеудің» базалық стансасындағы тау беткейлерінде сақтық ережелерін күшейту үшін тауға шығар алдындатұрақты түрде нұсқаулықтар өткізіледі, кәсіби гидтармен экскурсия жүргізіледі.

Айта кету керек, бүгін Мәншүк Мәметова шыңына шығып бара жатқанда альпинистердің бірі көзінің нұрлы қабығын үсітіп алған болатын. Соның салдарынан спортшы көру қабілетінен ішінара айрылып қалды.


Соңғы жаңалықтар