+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Алматының шеткі аудандарын дамытуға 800 млрд теңге жұмсалмақ

2019 жылғы 22 қараша 17:01
Бөлісіңіз:
Алматының шеткі аудандарын дамытуға 800 млрд теңге жұмсалмақ

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының шеткі аудандарын дамытуға 800 млрд теңге жұмсалмақ. Бұл туралы бүгін өткен брифинг барысында қалалық Стратегия және бюджет басқармасының басшысы Нұртас Қайыров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте кәсіпкерлердің мәселелері басты назарда Қазақстандық өнімдер әлемнің 120 еліне экспортталады - министр Қарағанды облысында алдағы үш жылғы бюджет бекітілді

Оның айтуынша, «Алматы-2050» стратегиясы қаланың барлық өңірлерінің дамуын, тұрғындардың өмір сапасының артуын көздейді.

«Стратегия -қала дамуының бағыттарын айқындайтын құжат.

Бұл жоғары деңгейдегі сауалдарға жауап береді. Қалаға қанша автобус сатылып алынатыны, қанша шақырым жол салынатыны туралы сауалдар қойылады. Бұл төменгі деңгейдегі құжаттармен реттеледі. Стратегия - Алматының шет аудандарын дамытудың кешенді жоспары. Мұнда әр бес жылға жоспар құрылады. Мәселен, 2024 жылға дейінгі даму жоспары құрылып жатыр. Оған сәйкес қаланың шеткі аудандарын дамытуға 800 млрд теңге қарастырылған. Қаражат өте ауқымды», - деді Нұртас Қайыров.

Оның айтуынша, бұл ақша Алатау және Наурызбай ауданында инфрақұрылым желілерін жүргізуге жұмсалады.

Айта кету керек, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев кеше қаланың 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясын жариялаған болатын.

Құжатқа сәйкес, қала 30 жылда 7 бағыт бойынша дамитын болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT