Алматының ортасында автокөлік аударылып, балалар зардап шекті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда көлік аударылып, салдарынан үш адам зардап шекті, оның екеуі — бала, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін түнде болған.

«Бүгін түнгі сағат 00:30 шамасында «Мазда 626» автокөлігінің жүргізушісі Майлин көшесімен шығыс бағытта келе жатып, Бұқтырма көшесінің қиылысында рөлге ие бола алмай жолдан шығып кетті. Нәтижиесінде көлік бордюрге соғылып, аударылып қалды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан осы көліктің үш жолаушысы зардап шекті, оның екеуі бала «, - деді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Зардап шеккендер, жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.


Соңғы жаңалықтар