Алматының орталығында жеңіл автокөлік өртеніп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы қаласының орталығында жеңіл автокөлік өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Абай мен А. Байтұрсынов көшелерінің қиылысында «Ниссан» автокөлігінен өрт шықты. Куәгерлердің айтуынша, оның жүк салғышында газ балоны болған.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндіру бригадасы оқиға орнына жеткенше, жүргізушілер өртті өздері толықтай сөндірген.


Соңғы жаңалықтар