Алматының орталығында салынып жатқан тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– Назарбаев даңғылы мен Қабанбай батыр көшесінің қиылысында салынып жатқан тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 29 қазанында қаланың дамуы туралы өткен кеңейтілген кеңес барысында Алматының орталық бөлігінде тығыз құрылыс салуға тыйым салу жөнінде тапсырма берген болатын. Осыған қарай, Назарбаев даңғылының шығысына, Қабанбай батыр көшесінің солтүстігіне қарай орналасқан мекенжайдағы көпфункционалды тұрғын кешенінің құрылысы тоқтатылды»,-делінген әкімдік хабарламасында.

Сонымен қатар, Алматы қаласының Жоспарлау және урбанистика басқармасы ҚР «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының негізінде бекітілген заңға сәйкес бұрын берілген жобалық рұқсат құжаттарын кері қайтару жөнінде ескерту қағаз жіберді.

Соңғы жаңалықтар