Алматының Наурызбай ауданында заманауи өрт сөндіру бөлімі ашылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Өрт қауіпсіздігі мен азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету шаралары аясында «Ақжар» шағынауданында 1,5 жылдың ішінде өрт сөндіру депосы салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала күнi мерекесiне орай Наурызбай ауданында өрт сөндіру бөлiмі ашылды. Өрт сөндіру бөлімі ауданның 159 мыңнан астам тұрғынына қызмет көрсететін болады.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өрт сөндірушілерді бөлімшенің ашылуымен құттықтап, қызметтері үшін алғысын білдірді. Жаңа өрт сөндіру бекеті оқиға орнына бару уақытын қысқартады және өрт қауіпсіздігінің тиімділігін арттырады.

Депоның ашылу салтанатына ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Күлдіков Марат Мұхаметқалиұлы, Алматы қаласының ТЖД басшылары мен азаматтық қорғау ардагерлерi қатысты.

2014 жылы құрылған Наурызбай ауданына Жайлау, Қарағайлы, Құрамыс, Рахат, Қарғалы, Таусамалы, Ақжар, Тастыбұлақ, Таужолы, Шұғыла, Алтын Алаш, Қалқаман-1, 2, 3 шағынаудандары кіреді. Жалпы тұрғындар саны – 159 115 адам.

Қалаға қосылған аумақта өрт сөндіру бекеті болмады, сондықтан Ақжар шағынауданында өрт сөндіру посты ұйымдастырылды.

2015 жылдан бері бұл бөлімше 700-ден астам шақыртуларға барды.

Екі қабатты депо ғимаратының құрылысы 1,5 жылдан да аз уақыт ішінде аяқталды.

Өрт сөндіру бөлімі жалпы алаңы 3,2 мың шаршы метрге жуық алты шақыртуға есептелген.

Гарнизон қызметкерлерiне жатақхана қарастырылған. Сондай-ақ, қала әкiмi Бақытжан Сағынтаев қызметтiк авто көлiктiң кiлтiн табыс етті.

Автоцистерналар өрт сөндіру бөлімінің қораптарына орналастырылады.

Ауданның белсенді дамуын ескере отырып, өртті сөндіруге арналған құрал-жабдықтармен бірге, бөлім биік үйлерге арналған арнайы көліктермен жабдықталатын болады.

Бүгінде Алматы қаласының өрттен қауіпсіздігін 17 бөлімше қамтамасыз етеді.

Өрт сөндіру қызметі 157 бірліктегі өрт сөндіретін автотехникамен жасақталған, күн сайын тәуліктік кезекшілікке 210 адам шығады.

Биыл жергілікті бюджет есебінен гарнизон тағы 44 бірлік техникамен толықтырылады.

Қазіргі уақытта өрт қауіпсіздігін күшейту және төтенше жағдайларға дер кезінде ден қою мақсатында Алатау ауданында өрт сөндіру бекетінің құрылысы аяқталуда.

Бостандық ауданының Нұр-Алатау шағынауданындағы 4 шақыртуға бара алатын өрт сөндіру бекетінің құрылысы жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар