Алматының Медеу ауданында тұрғындар суық сусыз қалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Медеу ауданында бірқатар ғимарат пен тұрғын үй суық судан ажыратылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Медеу ауданында диаметрі 400 мм болатын құбырда тесік пайда болып, су сыртқа ағып жатыр. Сондықтан ауданға уақытша суық су беру тоқтылады», - деп хабарлады «Алматы су» кәсіпорнынан.

Суық судан әл - Фараби - Достық - Қажымұқан - Назарбаев көшелерінің бойында орналасқан бірқатар ғимарат пен тұрғын үйлер ажыратылды.

«Жөндеу жүмыстарына «Алматы Су»мемлекеттік кәсіпорнының 4 авариялық бригадасы мен «Алматы Тазалық» ЖШС-нің 2 арнайы техникасы жұмылдырылды. Тұтынушыларға суық су бүгін беріледі. Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар