Алматының коммуналдық қызметі қаланы тазарту жұмыстарына кірісті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша қаланың коммуналдық қызметі қаланы тазарту жұмыстарына кірісті. Бұл туралы Қала тіршілігін қамтамасыз ету штабынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Алматыда 950 тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылды.

«Мегаполис көшелерін қоқыстан тазарту жұмыстарына «Тәртіп» ЖШС-ның 145 арнайы техникасы мен 525 жұмысшысы жұмылдырылды. Сонымен қатар «Алматы Тазалық» ЖШС 215 тонна қоқыс шығарды. Бұл жұмыстарға 224 арнайы техника, 868 жұмысшы тартылды. Қоқысты шығару алдағы уақытта да жалғасады», - деді штабтан.

Еске салайық, қалада 19 қаңтарға дейін төтенше жағдай режимі енгізілді.


Соңғы жаңалықтар