Алматының хореография училищесінде ҚР Тұңғыш Президент күніне орай концерт өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда А.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесінде ҚР Тұңғыш Президент күніне орай мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Концерттік бағдарламада 20-ға жуық танымал нөмір ұсынылды. Атап айтар болсақ, Мигель Сервантестің романы бойынша қойылған Л. Минкустың әйгілі «Дон Кихот» балеті, халық билері, заманауи хореография қойылымдары, сондай-ақ балаларға арналған «Пингвин патшасы» және тағы басқалары сахналанды.

Мемлекеттік мерекелерде А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінде концерттер ұйымдастыру дәстүрге айналған.

«Бұл концертке бастауыш, орта және жоғары сыныптардың балалары қатысып жатыр. Жас таланттардың мұндай концерттік бағдарламаға қатысуы – кәсіби сахналық тәжірибе. Бұл кәсіби дағдыларды меңгеруге, әртістік шеберлікті дамытуға және өз жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік береді», - деп хабарлады оқу орнынан.

Шараға Еуразиялық мәдениет қорының президенті, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының құрметті профессоры, композитор Ерұлан Қанапиянов қатысты. Ол 2021 жылғы стипендиаттарды құттықтап, мектептің екі түлегіне диплом мен естелік сыйлық табыс етті.


Соңғы жаңалықтар