Алматының экология мәселесі қалай шешіледі - министр жауап берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Алматы ауасының ластануы бойынша мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Əлеуметтік желілерде Алматы ауасының ластығы жөнінде қызу талқылау жүруде. Президенттің тапсырмасымен Алматыдағы атмосфералық ауаны жақсарту шараларының бірі ретінде техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу басталды. Оның аясында екі нұсқа қарастырылуда – газға ауысу немесе ЖЭО-2-ге сүзгілер орнату. Техникалық-экономикалық негіздеме биыл сәуір айында аяқталады. Содан кейін жобаның барлық тетігі, құны, техникалық сипаттамалары, зиянды шығымын азайту және өзге де ақпарат көпшілікке жарияланады», - деп жазды министр Twitter желісінде.

Бұған дейін Алматы билігі қалада 517 мыңнан астам көлік тіркелгенін хабарлаған еді. Одан бөлек, күн сайын қалаға 250 мыңға жуық көлік кіреді. Сондықтан да қала атмосферасына шығарылатын зиянды заттардың деңгейі жоғары.



Соңғы жаңалықтар