Алматының Даму стратегиясы қоғамдық талқылауға ұсынылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясын қоғамдық талқылауға ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрметті достар, қаламыздың даму стратегиясын көпшіліктің талқысына ұсынамын. Тек алматылықтарды ғана емес, басқа да бейжай қарамайтын азаматтарды дұрыс сын-пікір білдіруге шақырамын», - деп жазды әкім Instagram-парақшасында.

Стратегия мәтіні Almaty-2050.kz сайтында және қалалық газеттерде жарияланады. Тұрғындар өз ұсыныстары мен пікірлерін жолдай алады.

Соңғы жаңалықтар