+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Алматының «цифрлық егізін» құру мәселесі талқыланды

2021 жылғы 24 қыркүйек 10:45
Бөлісіңіз:
Алматының «цифрлық егізін» құру мәселесі талқыланды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассо бастаған делегациямен мегаполистің инфрақұрылымын дамыту бойынша жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында жүк көлігі қағып, мерт болған ер адамның кім екені белгісіз Президент тапсырмасы: Елордада үш буынды сот жүйесі қалай жұмыс істеуде Елордада қылмыстық істердің 70% астамы электронды форматта қаралып жатыр

Кездесуге Еуропалық қайта құру және даму банкінің вице-президенті Алан Пию, ЕҚДБ президенті кеңсесінің директоры Томас Ревиаль, ЕҚДБ Орта Азия бойынша басқарушы директоры Жужанна Харгитай, Қазақстандағы ЕҚДБ директоры Хусейн Озхан, аға банкир, Еуразияның тұрақты инфрақұрылым департаменті директорының орынбасары Бахтиёр Файзиев қатысты.

Алматының «Цифрлық егізін» құру, қоғамдық көлікті дамыту жобалары аясында ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Көлік, өнеркәсіп, энергетика, ғимараттар, суды тұтыну мен суды бұру, ТҚҚ, жерді пайдалану сияқты мегаполистің даму секторларын қамтитын «Жасыл қала» іс-қимыл жоспарын іске асыру аспектілері қаралды.
Талқылау қорытындысы бойынша тараптар қаланың инфрақұрылымы мен экологиясын жақсарту бойынша өзара тиімді шешімдер әзірлеуге дайын екендіктерін білдірді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT