Алматының Алмалы ауданында 200-дей тұрғын үй ауласы абаттандырылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының Алмалы ауданында 200-дей тұрғын үй ауласы абаттандырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаевтың есептік кездесуіне қатысты. Жиында аудан әкімі өткен жылы атқарылған іс-шараларға қысқаша тоқталды.

«Басым міндеттердің бірі — аула ішіндегі кеңістіктерді кешенді жаңғырту. Ауданда 861 аула аумағы бар. Өткен жылы 215 аулаға күрделі жөндеу жүргізілді. Биыл 192 ауланы жөндеу жоспарланған. Осылайша 40 мыңнан астам тұрғын үшін қолайлы орта жақсарады», делінген хабарламада.

Аудан әкімі Б. Торғаевтың мәлімдеуінше, былтыр 59 көппәтерлі үйдің тұрғындары «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша шатырды, инженерлік желілерді және 88 лифтті жаңғыртқан. Биыл тұрғын үйді жаңғырту 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жалғасады.

Ауданда 7 ескі үй бұзылып, оның орнына жаңа үй салынды. Осылайша 52 отбасының тұрғын үй жағдайы жақсарды.

Қала тұрғындары иесіз желілердің мәселелерін жиі айтады. Өткен жылы коммуналдық қызметкерлердің иелігіне балансына 8,5 шақырым электр, жылу және кәріз желілері берілді. Ауданның 15,2 шақырым иесіз желісі мен 18 трансформатор қосалқы стансасын қабылдау шарасы жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар