Алматының әлеуметтік әл-ауқат басқармасына жаңа басшы келді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасына Нәзира Тоғызбаева басшы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нәзира Тоғызбаева Қызылорда қаласында туған.

Қызылорда политехникалық институтын «экономика және басқару» мамандығы бойынша, Қазақ гуманитарлық заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аспирантурасын бітірген.

Экономика ғылымдарының кандидаты.

1999-2003 жылдары Қызылорда облысының әкімдігінде жұмыс істеген, жетекші маманнан бөлім басшысына дейінгі еңбек жолдарынан өткен. Сондай-ақ әр жылдары коммерциялық ұйымдарда жұмыс жасаған.

Алматы қаласының әкімдігінде 2016 жылдан бері жұмыс істейді.

Алматы қаласы әкімінің бас инспекторы, Алматы қаласы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі қалалық комиссияның хатшысы қызметтерін атқарған.

Осы тағайындауға дейін Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары болды.

Тұрмыста, балалары бар.


Соңғы жаңалықтар