Алматының №2 Жылу электр орталығы газға алдағы бес жылда көшіріледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының 2-ші Жылу электр орталығын газбен жұмыс істеуге 2025 жылға қарай көшіру жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматы электр станциялары» АҚ-ға қарасты ЖЭО-2 және ЖЭО-3-тің негізгі өндірістік қызметі электр және жылу энергиясын өндіру болып табылады. Кәсіпорын Алматы қаласының тұрмыстық және өндірістік қажеттіліктілері үшін жылу, электр энергиясын өндіреді. ЖЭО-2 қуаты – 510 МВ, ал ЖЭО-3 – 173 МВТ.

Бүгінде ЖЭО-2 және ЖЭО-3 үшін негізгі отын Екібастұз кен орнының («БогатырьКөмір» разрезі) көмірі болып отыр. Тамызық отын ретінде мазут пайдаланылады.

2017 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ЖЭО-2-ні газға ауыстыру қажеттігі жөнінде тапсырма берген болатын. 2020 жылғы 20 қазанда Үкімет өткізген кеңесте «Самұрық-Энерго» АҚ ұсынған ЖЭО-2-нің жұмыс істеп тұрған қазандықтарын газға ауыстыра отырып жаңғырту және газ инфрақұрылымын салу нұсқасы мақұлданды.

ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бүгін ведомство басшысы Нұрлан Ноғаев Алматы қаласына сапары барысында ЖЭО-2 және ЖЭО-3 жұмысымен танысты.

Н.Ноғаев ЖЭО-2-ні аралау барысында мамандардың кәсіпорынды жаңғырту бойынша жоспарымен және ЖЭО-ны газға ауыстырудың техникалық мүмкіндігімен танысты.

«Қазіргі уақытта Алматы қаласындағы ЖЭО-2-ні газға ауыстыру жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді. Жобаны 2025 жылдың соңына қарай кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарланған.

Бұдан бөлек, Н.Ноғаевқа баяндалғандай, қазіргі уақытта «Самұрық-Энерго» АҚ және «Самұрық-Қазына» АҚ арасында Алматы қаласындағы ЖЭО-3-ті газға ауыстырудың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді мақұлдау бойынша ішкі корпоративтік рәсімдер жүріп жатыр», - деді министрліктен.


Соңғы жаңалықтар