Алматыны газдандыру қашан аяқталады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы 2021-2022 жылдарда толық газдандырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Былтыр 2020 жылы қала толық газдандырылады деп айтып жүрген болатынбыз. Қазір қалада түрлі жаңа үйлер салынып жатыр, күн санап ғимарат саны артып келеді. Енді газбен қамту 2021 жылы толық аяқталады. Инженерлік тұрғын үй құрылысына рәсімделген жерлер көп, алайда олар әлі салынып жатыр», - деді қалалық Энерготиімділік пен инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев.

Оның айтуынша, құрылыс жұмыстары Жетісу, Алатау, Медеу, Түрксіб, Наурызбай аудандарында қызып жатыр.

Осы аудандардағы көптеген үйлер кезінде Алматы облысына қарасты болған.

«Қазір «ҚазТрансГаз Аймақ» ЖШС жаңа жобаларды жүзеге асырып жатыр. Екі жылда барлық үйлерге орталық газбен қамту жүйесі тартылады», - деді ол.

Сонымен қатар, алматылықтарға биылдан бастап газ кіргізуге пайызсыз несие беріледі. Құжаттар 10 тамыздан бастап қабылданады.


Соңғы жаңалықтар