Алматылықтардың медсақтандыру жарнасы 60 млрд теңгеден асты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматылықтардың сақтандыру жарнасы 60 млрд теңгеден асты. Бұл туралы Алматы қаласы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалының директоры Нұрлыбек Қабдығапаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы қаласы ел бойынша жарна мен аударым көлемі жағынан көш бастап тұр – жинақталған соманың бестен бір бөлігі бұрынғыша оңтүстік астаналықтарға тиесілі. Жалпы, сақтандыру жүйесі іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2020 жылдың 31 наурызына дейінгі аралықта Алматы қаласынан қорға 60 млрд теңгеден астам жарна аударылды. Оның 54,7 млрд теңгесі – жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлер үшін жасаған аударымы», - деді филиал директоры Нұрлыбек Қабдықапаров

Сондай-ақ, жыл басынан бері өзін-өзі жұмыспен қамтыған 10 мыңға жуық адам 40,1 млн теңге көлемінде бірыңғай жиынтық төлем төлеген.

«Біріңғай жиынтық төлем – республикалық маңызы бар қалалар үшін 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) немесе 2651 теңге, ауылдық жерлер үшін – 0,5 АЕК немесе 1326 теңге көлемінде белгіленген. Төлемнің бұл түрін фрилансерлер, сантехниктер, құрылысшылар, такси жүргізушілері т.б. төлей алады»,– дейді Нұрлыбек Қабдықапаров,

Естеріңізге сала кетсек, бірыңғай жиынтық төлем 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген болатын. Жиынтық төлемнің ішінде өзге әлеуметтік төлемдерге қоса сақтандыру жарнасы да бар. Ол жалпы соманың 40 пайызын құрайды.


Соңғы жаңалықтар