Алматылықтардан карантин тәртібін бұзуға қатысты 70-ке жуық шағым түсті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматылықтарға карантин тәртібін бұзуға қатысты шағымдану алгоритімі түсіндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, екі күн ішінде алматылықтар тарапынан call-орталыққа карантин тәртібін бұзу жөнінде 70-ке тарта шағым түскен.

«5-7 шілдесі аралығында Алматы қаласының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қауырт желісіне тұрғындардан 69 өтініш түсті. Өтініштер бойынша тиісті жұмыстар атқарылды, соның ішінде көрсетілген мекен жайлар бойынша тексеру жүргізілді. 15 шағым расталмады»,– делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Бүған дейін, Алматы әкімдігі карантин шараларының бұзылуы анықталған жағдайда қала тұрғындарының хабарласуы үшін байланыс нөмірлерін жариялаған болатын.

Егер шектеу шараларын сақтамаған мекемелерді байқасаңыз төменде көрсетілген мына телефондарға хабарласуға болады:

- Алатау ауданы – 8 (775) 781-45-50;

- Алмалы ауданы – 8 (701) 716-59-25;

- Әуезов ауданы – 8 (701) 400-91-93, 8 (747) 761-55-82;

- Бостандық ауданы – 8 (701) 122-30-59;

- Жетісу ауданы – 8 (701) 107-17-90, 8 (747) 557-40-71;

- Медеу ауданы – 8 (707) 822-40-78;

- Наурызбай ауданы – 8 (707) 752-79-27;

- Түрксіб ауданы – 8 (701) 194-07-19, 8 (705) 189-52-89, 8 (707) 189-52-89.

Расталмаған шағымдар санын азайту үшін хабарласар алдында мемлекеттік органдарға жүгінудің белгіленген тәртібін ескеру қажет.

«Өтініш қаралуы үшін аталған номерлер бойынша хабарласқан азаматтарға бірінші кезекте өзінің аты-жөнін таныстырып, тәртіпбұзушылық байқалған мекен-жайды хабарлап, сонымен бірге, бұзушылық жайлы толық ақпарат беруі қажет. Сонымен бірге, Алматы тұрғындарына мүмкіндігінше тәртіпбұзушылық дәлелдерін фотосурет немесе видео форматында беру ұсынылады, ол жауапкершілікке тарту кепілдігін қамтамасыз етеді. Жасырын өтініштер, сонымен бірге мәселенің мәні түсіндірілмеген жасырын өтініштер қаралмайды»,– деп атап өтті әкімдік.

Жалпы Алматы қаласында әкімнің тапсырмасымен мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілген режимде жалғасуда. 7 шілдеде күні қала бойынша 36 мобильді топ (құрамында аудандық әкімдіктердің, Тауарлар мен қызметтердің сапасын мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері енген) жұмыс істеген. 896 нысан бойынша мониторинг жүргізілді, соның ішінде 21 нысанның жұмысы тоқтатылды. 15 нысанға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Сонымен бірге, мониторинг топтарымен қызметтеріне рұқсат етілген және бақылауға алынған 278 нысан бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді.


Соңғы жаңалықтар