Алматылықтар Жеңіс күнін сән-салтанатымен тойлап жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Жеңіс күні мерекесі сән-салтанатымен тойланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мереке таңғы сағат 9.30-да 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақта Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоюдан басталды. Осы саябақта қазақстандық заманауи әскери техника мен қару-жарақтың көрмесі өтіп жатыр. Бұдан бөлек, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне әскери-далалық ас мәзірімен мерекелік түскі ас беріліп, концерт ұйымдастырылды.

Сондай-ақ қала тұрғындары «Батырларға тағзым» акциясы аясында Орталық мәдениет және демалыс саябағынан 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябаққа дейін майдангер ата-әжелерінің суреттерін ұстап жүріп өтті.

Айта кетейік, Алматыда мерекелік іс-шаралар қаланың басқа аудандарында да өтіп жатыр.

Бүгін қазақстандықтарды Жеңіс күні мерекесімен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құттықтады.

Мемлекет басшысы елордада «Отан ана» монументіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.


Соңғы жаңалықтар