Алматылықтар Наурыз мейрамын қалай тойлап жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылықтар әз Наурыз мерекесін тойлап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көктемнің шуақты күнінде алматылықтар киіз үй тігіп, ұлттық киіммен көшеге қыдыруға шыға бастады.

Жібек жолы көшесіне жиналған халық қарасы қалың. Шағын сахнада Мұқасан Шахзадаев, Мақсат Базарбаев, Тахмина Әшімбекова, Інжу және басқа отандық эстрада жұлдыздары ән шырқады.

Сонымен қатар, «Алматы әуендері», «Бозторғай» Халықаралық балалар фестивалі концерттік бағдарламасын ұсынса, диджейлер мен интерактивтер және шығармашыл жастар өз өнерлерін ортаға салады.

Қолөнер жәрмеңкесі мен суретшілер көрмесі өтіп жатыр.

Арнайы балалар аймақтары ұйымдастырылды.

Айта кетейік, мегаполисте негізгі мерекелік шаралар 21-23 наурыз аралығында өтеді. Қаланың барлық аудандарында 80-нен астам түрлі іс-шара жоспарланған.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының «Астана» алаңындағы мерекелік іс-шараға қатысып, барша қазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.



Соңғы жаңалықтар