Алматылықтар «#Мен үйдемін» челленджін бастады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Jas Otan жастар қанатының белсенділері «#Мен үйдемін» челленджін бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл акция коронавирустың таралуын алдын алу үшін тұрғындарды үйден шықпауға шақырады.

Айта кету керек, челлендж әлеуметтік желілерде тез таралып жатыр.

«#Мен үйдемін» деген жазбаны ұстап ересектер де, зейнеткерлер де, балалар да суретке түсіп жатыр.

Jas Otan ұйымдастырған акциясын «Жалын» жастар қозғалысының өкілдері іліп кетті.

Челлендж ұйымдастырушылары бұл акция азаматтардың жауапкершілігін жоғарлатады деген үмітте.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов коронавируспен күресудің 4 тиімді жолын атаған болатын.


Соңғы жаңалықтар