Алматылықтар медициналық сақтандыру қорына 47,3 млрд теңге аударған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 21 қарашасына дейінгі аралықта Медициналық сақтандыру қорына 230 млрд теңге түсті.Бұл туралы бүгін Алматыда өткен брифинг барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес ұйымының Алматы бөлімшесінің директоры Тілеухан Әбілдаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы қаласы барлық өңірлер арасында көшбасшылық позициясын әлі ұстап тұр. Аударылған соманың 5/1-і Алматы тұрғындарының үлесінде. 1 млн 421 мың тұрғын 47,3 млрд теңге төлем аударған. Бұл қаржының басым бөлігі - 44,8 млрд теңге жұмыс берушілердің қаражаты», - деді филиал директоры.

Сонымен қатар өзін өзі жұмыспен қамтып отырған 4900 тұрғын 16,7 млн теңге көлемінде қаржы аударған.

Айта кету керек, 2019 жылдың қаңтарынан Қазақстанда бірыңғай жиынтық төлемі жүйесі енгізілді.

Бұл жұмыскерлерді жалдамай, өзін өзі жұмыспен қамтып отырған жеке тұлғаларға арналған.

Төлем құрамына әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударылатын ақша да кіреді. Алматы мен Астана тұрғындары 1 АЕК, яғни 2525 тг төлесе, ауылды жер, өңір тұрғындары 0,5 АЕК көлемінде төлем төлейді. Бұл оларға медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар