Алматылықтар кешке балконға шығып дәрігерлерге қошемет көрсетеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда эстрада жұлдыздары, блогерлер кешкі сағат 20.00-де балконға шығып дәрігерлер құрметіне қол соғуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отандық шоу-бизнес өкілдерінің, шенеуніктердің бұл акциясы коронавирус індетімен күресіп жатқан дәрігерлер, медицина мамандары, полиция қызметкерлері, әскерилер, волонтерлер, санэпидемиологтер сияқты мамандарды қолдауға арналған.

Әлеуметтік желіде #almatybirgemiz хэштегімен таралып жатқан ақпаратта адамдар кешкі сағат 20.00-де балконға шығып 1 минут қол соғуға ұсыныс білдіріп жатыр.

«Өздері қызмет барысында осындай құрбандыққа барған жандарды қолдайық», - деді әкімдіктің баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар