Алматылық полицейлер заңсыз балық саудасымен айналысқан браконьерді анықтады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық полицейлер заңсыз балық саудасымен айналысқан браконьерді анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.

Алматы қаласы Әуезов аудандық полиция басқармасының табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері «Уылдырық шашу» алдын алу шарасы кезінде заңсыз балық тасымалдаған браконьерді ұстады. Ер адамның шаһарда балықты сату үшін Алматы облысынан әкелгені анықталды.

«Уылдырық шашу кезінде балық аулауға тыйым салынады. Мұндай кезеңде балық аулайтын браконьерлер ережелерді бұзып қана қоймай, балық уылдырығы табиғи түрде көбеюіне зиянын тигізеді. Ұсталған ер адамнан 52 келіге жуық жаңа ауланған балық тәркіленді, олар Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына беріледі. Бұл жұмыс жалғасады», – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілхайыр.

Аталған іс-шара уылдырық шашу кезеңінде заңсыз балық аулауды, балық және балық өнімдерін сатуды анықтау және жолын кесу бойынша профильдік қызметтерге көмек көрсетуге бағытталған.


Соңғы жаңалықтар