Алматылық полицейдің карантин туралы өлеңі: Кезбесін кесел десеңдер, үйде отырып шыдағын...

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда полиция қызметкері азаматтарды өлең оқу арқылы карантин тәртібін сақтауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, «Үйде отырып күтейік» өленінің авторы Арнайы және мобильді оқыту басқармасының аға инспекторы, полиция майоры Еркебұлан Корбозов.

«Бүгінде полиция қызметкерлері көзге көрінбейтін жау - короновирус инфекциясына қарсы күресте алдыңғы қатарда. Біз қалада енгізілген карантинді елемеу және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтамау қаншалықты қауіпті екенін тәжірибеден білеміз. Өкінішке қарай, қауіпсіздік шараларын қолданудың орнына серуендеуді, достарымен кездесуді қалайтындар да бар. Мұндайлар арнайы рейд кезінде анықталады. Бұл әрекеттердің қауіпті екені әрі құқық бұзушылық саналатыны күн сайын хабарланады. Мен қолым боста шығарған өлеңнің көмегімен азаматтардың санасын оятқы келді, жағдайдың қауіпті екенін түсінуге шақырдым. Өлең бір сағатқа жуық уақытта дүниеге келді. Мен онда карантинді сақтаудың маңыздылығына азаматтардың назарын аударуға тырыстым», – деді Еркебұлан Корбозов.


Еркебұлан Қорбозов ішкі істер органдарында 2007 жылдан бері қызмет етіп келеді. Алғашқы білімі бойынша оның мамандығы мұғалім. Полицияда қызмет еткенге дейін, шамамен бес жыл Еркебұлан жалпы білім беретін мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берді. Ол бала кезінен өлең жазады.


Соңғы жаңалықтар