Алматылық отбасы дәрігерлерді қолдап, ән жазды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласындағы №159 гимназияның оқушысы отбасымен бірге «Дәрігерге мың алғыс» әнін жазды. Бұл туралы Facebook пайдаланушысы Полина Шиманская жазды.

Айтылып өткендей, әннің сөзі мен мәтінін отағасы Дәурен Берікұлы жазған. Ол мамандық бойынша заңгер болғанымен, отбасының өзге мүшелері сынды музыканы жан-тәнімен жақсы көреді.

Оның тұңғышы Дінмұхамед музыкалық мектепке де, ағылшын тілін үйрететін орталыққа да барады. Себебі ол аты әлемге әйгілі әнші болуды армандайды екен.

«Ал қазір ол коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлерді қолдап, жанұясымен бірге ән шырқады. Бізді қауіптен құтқарып жатқандар үшін қол соғып қояйықшы», - деп жазды пост авторы.



Соңғы жаңалықтар