+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Алматылық онкологтар жұтқыншақ қатерлі ісігіне шалдыққан 79 жастағы қарияның өмірін сақтап қалды

2021 жылғы 21 сәуір 05:27
Бөлісіңіз:
Алматылық онкологтар жұтқыншақ қатерлі ісігіне шалдыққан 79 жастағы қарияның өмірін сақтап қалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматылық онкологтар жұтқыншақ қатерлі ісігіне шалдыққан пациентті аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы онкологиялық орталығына асқынған қатерлі ісігі аурымен 79 жасар пациент келіп түсті. Дәрігерлер оған екі жақ мойынның лимфотүйіршіктерінің метастаздық асқынуымен 4-сатыдағы жұтқыншақ көмейдің қатерлі ісігі, эзофагофарингостома диагозын қойды.

Науқастың ауруханаға түскен кездегі салмағы небәрі 45 келі болған. Себебі, ол сұйық тамақтан басқа ештеме жей алмаған.

Орталықтың онколог- дәрігерлерімен 2 кезеңдегі 2 операция жасалды. Бірінші кезеңде жұтқыншақ көмейдің, өңіштің мойын жағының шеңберлі резекциясымен радикалды ларингэктомиясы жасалды. Екі жақты мойын лимфодиссекциясы. Содан, эзофагофаринготрахетосманың 3 стомы туындады, қарапайым сөзбен, мойын жағы мен ауыз қуысының 3 кеңістігі пайда болды.

Бірінші жүргізілген операциядан соң 6 ай пациент зонт арқылы тамақтанды. Осы уақытта науқас сәулелік терапиядан және химиотерапияның 4-курсынан өтті, яғни, толығымен кешенді түрде емделді.

Екінші кезеңде онколог-хирургтар өңештің мойын жағынан және дауыстық протезді орнату арқылы көмейді қалпына келтіру бойынша операция жасады.

«Біз үлкен кеуде қуысын қосу арқылы алдыңғы кеуде қабыршақтарының тамырынан тері-бұлшықет лоскутын алып, мойынды жаптық, осылайша ақаулықты орнына келтірдік. Жасанды өңеш және көмей жасап, дауыстық протезді орнаттық. Аталмыш операция ас қорыту жолдарын қалпына келтірді, басқа сөзбен, пациент тамақ жей алады, сондай-ақ, дауыстық протезді орнатқанның арқасында сөйлей алады» - деді онколог-хирург Саттар Аппазов.

Бүгінгі күні пациент салмақ қосып, қазіргі кезде 58 келі болды және дәрігерлердің бақылауында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT