Алматылық оқушылар қашықтан екі ауысымда оқиды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда оқушылар қашықтан екі ауысымда оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сабақ 2 ауысымда өтеді. 1 мен 9 сынып оқушылары үшін оқу процесі сағат 08: 30-да басталады. Ал 10-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері екінші аусымда оқиды. Айта кету керек бұл нақты шешім емес. Себебі, бір отбасының үш баласы да бірінші аусымда оқуы мүмкін. Мұндай жағдайларда дифференциалды тәсілді қолданамыз», - деді Алматы қалалық білім басқармасының бастығы Ләззат Жылқыбаева онлайн брифингі барысында.

Сондай-ақ, ол әр мектеп басшысының оқу-тәрбие процесін реттеуге құқығы бар екенін және балалар санына байланысты ауысымды өзгерте алатынын атап өтті.

Бұған дейін, Алматы қаласының әкімі мұғалімдер мен мектеп оқушыларына 10 мыңнан астам компьютер бөлінгенін айтқан болатын.



Соңғы жаңалықтар