Алматылық мемқызметшілерге ротацияның жаңа қағидасы түсіндірілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшілерді ротациялау және ауыстыру жөнінде енгізілген өзгерістерді түсіндіру бойынша онлайн вебинар өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Вебинар барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Дастан Секенов саяси қызметшілерді ротациялау институтының енгізілгенін атап өтті. Бұған дейін ротация тек әкімшілік қызметшілерге қолданған болатын.

«Яғни, әкімдіктің басқарма басшыларының аймақаралық ротациясы енгізілді (бұрын оларды ротациялау бір әкімдіктің ішінде болатын). Алайда аталған ротациялау Агенттіктің келісімімен жүзеге асырылады, яғни әкімдіктерде командалық ауысымдарға жол бермеу көзделген»,– деді департамент басшысы.

Сонымен қатар, ол белгілі бір басшылық лауазымдарды, оның ішінде әр түрлі мемлекеттік органдарда жұмыс істеген «Б» корпусы қызметшілерін ерікті ротациялау енгізілгенін жеткізді.

«Б» корпусы қызметшілерін мемлекеттік органның ішінде ауыстыруға мүмкіндік берілді. Яғни, мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік органның ішінде ауысу тәртібімен тең лауазымға ауысуға және сол мемлекеттік органда соңғы екі жылда төменгі лауазымда жұмыс өтілі бар болған жағдайда жоғарғы лауазымға ауысуына болады»,– деді ол.

Ротацияның негізгі мақсаты – мемлекеттік органдардың тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын-алу, сондай-ақ қызметшілердің кәсіби әлеуеті мен басқарушылық тәжірбиесін дамыту және тиімді пайдалану.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы 13 қараша күні мемлекеттік қызмет саласында қарастырылған кейбір актілерге өзгерістер енгізу туралы Жарлыққа қол қойды.


Соңғы жаңалықтар