+7 (701) 759 90 19
USD 419.96 EUR 510.88
RUB 5.72 CNY 64.97
Jańalyqtar

Алматылық медицина қызметкерлері 13,8 млрд теңге көлемінде қосымша ақы алды

2020 жылғы 3 желтоқсан 12:14
Бөлісіңіз:
Алматылық медицина қызметкерлері 13,8 млрд теңге көлемінде қосымша ақы алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Медициналық сақтандыру қоры тарапынан коронавирус пен пневмонияға қарсы күреске 159 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Алматы бойынша бұл бағытта 22,7 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Медициналық сақтандыру қоры» АҚ Алматы қалалық филиалының ақпаратына сәйкес, Қазақстанда коронавирус пен вирусты пневмонияға шалдыққан азаматтарға медициналық көмек сақтандырылған не сақтандырылмағанына қарамастан көрсетіледі. Сондай-ақ, COVID-19 жұқтырған және індет белгілері табылған пациенттерге мобильді бригадалар мен үй жағдайындағы стационар қызметі қарастырылған.

«Алматыда наурыз бен қазан айлары аралығында коронавирус індеті бойынша көрсетілген медициналық көмекке 5,7 млрд теңге бөлінді. Оның 1,3 млрд теңгесі ПТР-тестке жұмсалған», - деді филиал директоры Тілеухан Әбілдаев.

Сондай-ақ, наурыз бен қазан айлары аралығында эпидемияға қарсы іс-шараларға жұмылдырылған медицина ұйымдары қызметкерлеріне Алматы қаласы бойынша 13,8 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде:

1-қауіп тобына - 6 млрд 455,9 млн теңге (11 373 адам), 1 қызметкерге орта есеппен айына – 567 650 теңге;

2-топқа – 5 млрд 533,6 млн теңге (17 972 дам), 1 қызметкерге орта есеппен айына – 307 903 теңге;

3-топқа – 1 млрд 866,5 млн теңге (12 433 адам), 1 қызметкерге орта есеппен айына – 150 122 теңге.

Бүгінгі таңда Алматы филиалы бойынша қосымша төлемдер толық төленген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT