+7 (701) 759 90 19
USD 380.84 EUR 419.50
RUB 6.05 CNY 54.90
Jańalyqtar

Алматылық кардиологтар 69 жастағы әйелдің өмірін сақтап қалды

2019 жылғы 6 желтоқсан 14:47
Бөлісіңіз:
Алматылық кардиологтар 69 жастағы әйелдің өмірін сақтап қалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматылық тұрғын қалалық кардиологиялық орталық мамандарына жиі ентігіп, ауа жетпей қалатынын айтып шағымданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елімізде 16 мыңнан астам ата-ана балаларына екпе салудан бас тартқан Алматылықтарға жаппай бетперде сатып алудың қажеті жоқ - мамандар Коронавирус: Уханнан жеткізілген қазақстандық студенттер арнайы корпуста тексеріледі

Денсаулығына шағымданған әйелді дәрігерлер дереу эхокардиографиядан өткізді, нәтижесінде миксома - жүрек ісігі анықталды. Яғни сол жақ атриум жүрегінің қатерлі ісігі. Ісік митральды қақпақшаны жауып қалуға аз қалған.

«Ісікті операциялық жолмен шұғыл алып тастау керек болды, әйтпесе ісік митральды қақпақшаны жауып тастар еді. Бұл өлімге әкеледі», - деді Алматы қалалық кардиология орталығының бас дәрігері Алмат Қодасбаев.

Операция жасанды жолмен қан айналуды реттеу арқылы жүректі 20 минут тоқтатып қойып жасалды. Дәрігерлер осы уақыт ішінде ісікті алып тастады. Жалпы, ота 2 сағатқа созылды.

Бүгінгі күні науқастың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Жағдайы тұрақты, оны ауруханадан үйіне шығаруға дайындап жатыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Медицина, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT