Валюта бағамдары:
    usd/kzt 470.9 eur/kzt 496.94

    rub/kzt 8.83 cny/kzt 70.33
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Алматылық дәрігерлер бір айда 30 келі салмақ жоғалтқан науқасты аман алып қалды

2021 жылғы 13 желтоқсан 21:43

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы дәрігерлері көптеген ішек фистуласымен ауруханаға түскен науқасты аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 45 жастағы науқас илеостомия – отадан кейінгі құрсақ қуысындағы саңылау, іштің орта бөліміндегі ішек фистулаларына жасалған отадан кейінгі тыртықтың салдарынан болған ашық жарамен Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының (ҚЖШККА) хирургиялық бөлімшесіне шұғыл түрде түсті.

Пациент жара салдарынан тәулігіне 5 литрге дейін сұйық жоғалтқан, бір айда 30 келі салмақ тастаған, ауруханаға әлсіз күйде түсті. Бұған дейін, пациентке Алматы және Алматы облысының ауруханаларында 7 рет ота жасалған.

ҚЖШККА тәжірибелі дәрігерлері мен медбикелерінен құралған бригада лапаротомия, адгезиолиз, ілмекаралық абсцесті ашу, илео-асцендо-анастомозымен илеостомияны жоюды іске асырып, құрсақ қуысына санация және дренаждау жасады.

«Бөлімшеге түскенде науқастың жағдайы өте ауыр болды: ішкен суы сұйық ретінде бірден жарадан қайта шығып, оған ауыртпалық түсіріп, әбден қажытқан. Бірінші ота 7 сағатқа созылғандықтан, бізге де қиын болды. Біз мұндай оталарды жиі болмаса да, бұған дейін де жасағанбыз. Хирургияда бұл ең қиын оталардың бірі болып саналады. Оның үстіне науқас өте әлсіз болды», - дейді дәрігер Нұрхат Есенбеков.

Науқастың жағдайы оңалған соң, оған екінші ота жасалды.

Қазір пациенттің жағдайы жақсы, ол үйіне шығарылды.


Автор:

Алма Мұқанова

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар