+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

Алматылық дәрігер тұрғындарды өзін-өзі емдемеуге шақырды

2020 жылғы 21 қазан 15:34
Бөлісіңіз:
Алматылық дәрігер тұрғындарды өзін-өзі емдемеуге шақырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы №12 Қалалық емхананың жалпы практика дәрігері бөлімшесінің меңгерушісі Индира Қалқабаева онлайн брифинг барысында коронавирус инфекциясы, тұмау және жіті респираторлық вирустық инфекциясы өршіп тұрған кезде тұрғындарды өз бетінше емделмеуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус: ШҚО-да науқастарға 350 дозадан астам иммундық плазма құйылды Еуропадағы коронавирус: Сарапшылар неге алаңдап отыр Түркістан облысындағы ауруханалар тыныс алу аппараттарымен толықтай қамтылған

«Өзін-өзі емдеу – бұл адам өзінің физикалық немесе психикалық ауруын емдеуі үшін химиялық заттарды немесе кез келген сыртқы әсерді қолданатын адамның мінез-құлқы», – дейді дәрігер.

Сонымен қатар, ол адамдарды өз бетінше антибиотиктерді қабылдамауға шақырды.

«Суық пен тұмауды жеңуге арналған ауыр артиллерия - антибиотиктер. Бірақ антибиотиктермен емделмес бұрын дәрігермен кеңесіп, аурудың сипаты бойынша тексеруден өтіп, оның бактериялық инфекция екенін растап, содан кейін ғана мамандандырылған емдеуді бастау керек. Дәрігердің қатаң бақылауымен»,– деді спикер.

Оның айтуынша, өзін-өзі емдеу жүкті әйелдер үшін қауіпті.

«Жүкті әйелдер мен бала емізетін аналардың дәрі-дәрмектерді бақылаусыз қабылдауы әсіресе қолайсыз. Олар белгілі бір дәрі-дәрмектерді дәрігердің рұқсатымен және төтенше жағдайларда ғана қабылдай алады. Балалар мен қарттарда дәріге сезімталдық жоғары болады. Сондықтан оларға арналған дәрілердің мөлшері азаяды. Пациенттер көбінесе емдік шөптерді пайдаланады. Шөптермен емдеу денсаулықты қалпына келтіруге пайдалы болуы мүмкін, бірақ оларды үлкен біліммен және маманның бақылауымен ғана қолдану керек»,– деді Индира Қалқабаева.

Сөз соңында, ол коронавирус індеті, тұмау және жіті респираторлық вирустық инфекциясы өршіп тұрған кезде өз бетінше емделуге болмайтынын баса айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT