Алматылық бизнесмен Баян Мақсатқызымен арадағы махаббатын жайып салды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірнеше сағат бұрын Алматыда тұратын Тұрсынғали Алагөзов Инстраграмм желісіне продюсер Баян Мақсатқызымен түскен суретін салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Т.Алагөзов Баян Мақсатқызының аккаунтын белгілей отырып, «Ол менің өмірімді өзгертті» деген жазба қалдырды.

Бизнесменнің суретінің астына Баян Мақсатқызының кіші қызы Айару да пікір қалдырған. Ол анасы мен оның «ғашығына» бақыт тілеген.

Бизнесмен мен продюсердің ешқайсысы əзірге бұл жаңалықты ресми жария еткен жоқ.

Тұрсынғали Алакөзов 1969 жылы туған. Композитор Тұрым Алакөзовтің ұлы. Үйленген, бір ұл мен бір қыз тəрбиелеп отыр. 

Она изменила мою жизнь.

Фото опубликовано tursen_alaguzov (@tursen_alaguzov) Янв 17 2017 в 7:26 PST

Соңғы жаңалықтар