+7 (701) 759 90 19
USD 414.13 EUR 451.40
RUB 5.80 CNY 58.03
Jańalyqtar

Алматыға түнде жасырын өтпек болдым – қамауға алынған азамат

2020 жылғы 29 наурыз 02:01
Бөлісіңіз:
Алматыға түнде жасырын өтпек болдым – қамауға алынған азамат

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат – Алматы облысында төтенше жағдай режимінің талаптарын бұзған 27 адам қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен Ащыбұлақ ауылынанмын. Түнде жасырын түрде Алматы қаласына өтіп кеткім келді. Полиция қызметкерлері ұстап алып, сот 10 күнге қамау туралы шешім шығарды. Менің қателігімді қайталамауларыңызды сұраймын. Карантин уақытында үйлеріңізде отырыңыздар», - деді әкімшілік қамауға алынғандардың бірі.

Облыс тұрғындары төтенше жағдай талабын бұзғаны үшін осылайша өкініш білдіруде.

«Шекарадан өтіп кеткенімді білмедім. Сол үшін ұсталып, 10 күнге қамаққа алындым. Барлық азаматтарды карантин тәртібін қатаң сақтауға, қажеттілік болмаса, далаға шықпауға шақырамын. Мүмкін болса, үйлеріңізде отырыңыздар. Өздеріңізді және жақындарыңыздың денсаулығын қатерге тікпеңіздер»,- деді Алматы облысының келесі тұрғыны.

Өңірдің тәртіп сақшылары таратқан ақпарат бойынша, сот шешімімен әкімшілік қамаққа алынған 27 азамат қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторында жазасын өтеуде.

Барлығы 38 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың 27-сі қамауға алынса, қалғаны кем дегенде 10 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT