Алматыға шетелден ПТР анықтамасы жоқ 13 мың жолаушы келген

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Пандемия басталғалы бері Алматыға шетелден 13 мыңнан астам адам ПТР тестісіз келді. Бұл туралы Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бастығы, қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Әдетте басқа елден келген азаматтардың 90% -ы жасыл дәлізден өтеді, өйткені олардың қолында ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар. Десекте, ақшаларын үнемдеп ПТР анықтамасыз келетіндер де бар. Мұндай адамдар басқа адамдарға үлкен қауіп төндіреді. Мемлекет мұндай азаматтарды тегін тестілеуден өткізіп, тамақтандырып, көлікпен қамтамасыз етеді. Пандемия басталғалы бері 13 мыңнан астам жолаушы Алматыға шетелден ПТР тестісіз келді. Шетелден келген 85 азаматтан коронавирус анықталды. Олар Түркия, Египет пен БАӘ және басқа елдерден ұшып келген жолаушылар «, - деді Жандарбек Бекшин.
Сонымен қатар, қаланың бас санитарлық дәрігері ПТР анықтамасы жоқ азаматтарды мемлекет тегін медициналық тексеруден өткізетіндігін атап өтті.
«Қазір ПТР тест құны 8025 теңге. 6 мың теңге -жатын орны, азық-түлік пен жол ақысы- 4 500 теңге. Осыдан-ақ, мемлекет қанша ақша жұмсайтынын есептеуге болады. Біз сияқты азаматтарына қамқорлық танытатын мемлекеттер кемде-кем. Біз өз азаматтарымызды шетелде қалдыра алмаймыз «, - деп атап өтті ол.
Бұған дейін Жандарбек Бекшин Алматыда эпидемиологиялық ахуалдың күрт төмендеп кеткенін айтқан болатын.
- Қызылорда облысында карантин шаралары жұмсарды
- СҚО-да балалар ойын-сауық орталықтары мен аквапарктің жұмысына рұқсат берілді
- Өзбекстанда 4 миллионнан астам тұрғын коронавирусқа қарсы екпе алады
- Карантин: Шығыс Қазақстанда жұма намазға жиналуға рұқсат берілді
-
Ақтөбе облысында 1-5 сынып оқушылары түгел мектепке барады
-
Батыс Қазақстан облысында шектеу шаралары жеңілдеді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам