+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Алматыға кіру үшін блок-бекетті айналып өтпек болған азаматтар 5 тәулікке қамалды

2020 жылғы 24 наурыз 12:30
Бөлісіңіз:
Алматыға кіру үшін блок-бекетті айналып өтпек болған азаматтар 5 тәулікке қамалды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы тосқауыл-бекетті айналып өтуге тырысқан азаматтар 5 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Таразда блок бекеттегі тәртіп сақшысын ұрған ер адам қамауға алынды Ақтөбеде блок бекеттердің жан-жағы түгел қазылды Қарағандыда қызметін атқарып тұрған полицейге 4 жасар қызы тікелей эфирде хабарласты

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жақында төрт азамат Алматы қаласымен шектес блок-бекетті заңсыз айналып өтуге тырысқан.

«Атап айтқанда, 1986 жылы туған Түркістан қаласының тұрғыны еліміздегі төтенше жағдай тәртібін бұза отырып, Алматы қаласының аумағына Ақсай өзені арқылы жасырын өтуге тырысқан. Екінші жағдайда 1968 жылы туған Алматы облысының тұрғыны осы әдіспен карантин жарияланған аумаққа өтуге әрекеттенген. Тағы біреуі - Алматы облысының тұрғыны. Ол Іле ауданы Покровка елдімекенінің маңындағы №22 блок-бекет жанында ұсталды. Төртінші құқық бұзушы 2000 жылғы Қырғызстан елінің азаматшасы болып шықты. Шетел азаматшасының ешқандай құжаты жоқ болып шықты. Қазіргі жағдайда аталған азаматтардың әрекеті қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң жазаланатыны белгілі»,- деді Қарасай ауданы полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Асхат Данияр.

Ұсталған азаматтарға ҚР Әкімшіліқ құқық бұзу туралы кодексінің 476-бабына сәйкес хаттама толтырылды. Сондай-ақ, мамандандырылған ауданаралық сот шешімімен олар 5 тәулікке қамалды.

Ал, Қырғыз Республикасының азаматшасы барлық жағдай анықталғанға дейін қабылдау-тарату мекемесіне орналастырылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT