+7 (701) 759 90 19
USD 413.12 EUR 452.86
RUB 5.82 CNY 57.92
Jańalyqtar

Алматыға кіріп-шығуға рұқсат етілгендердің тізімі өзгертілді

2020 жылғы 6 сәуір 12:41
Бөлісіңіз:
Алматыға кіріп-шығуға рұқсат етілгендердің тізімі өзгертілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб бұрын қабылданған құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы қаласындағы блок бекеттер арқылы кіру/шығуына рұқсат етілген тұлғалар тізіміне өзгерістер енгізілді.

«ҚР-ның өзге аймақтарының құқық қорғау және арнайы органдарының (ҰҚКД, Прокуратура, ЭТД, МКД, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі, ЖКҰБ, ҚР МҚК, ЖП, Ұлттық гвардия, ҚМ, ТЖД) қызметтік қажеттілікке орай Алматы қаласына кіру және шығу үшін, аймақтық органның бірінші басшысының қолы қойылған қағаз жүзінде рұқсаты болуы тиіс», - деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес шектеулердің қолданылуы 6 сәуір күні сағат 00.00-ден 2020 жылғы 13 сәуірге дейін ұзартылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT