Алматыға азық-түлік тауарларын үздіксіз жеткізу бойынша келісім жасалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы мен Алматы облысы әкімінің орынбасарлары Мақсат Қиқымов пен Серік Тұрдалиев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын Алматыға үздіксіз жеткізу бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көшпелі кеңес барысында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әкімдік өкілдерінен құралған делегация бірнеше өндіріс орнына барды.

«Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша алғаш рет Алматы облысының тауар өндірушілерінен азық-түлік өнімдерін тікелей жеткізу бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді. Енді фермерлер Алматыға көкөністер, қант, сүт, жұмыртқа, макарон өнімдері, құс еті және басқа да азық-түлік тауарларын жеткізетін болады. Сонымен қатар, бұл тауарларды өндірушілер қаланың сауда желілері мен базарларына делдалсыз тікелей жүзеге асырады. Біз тауарларды ұсынылған бағаға сәйкес жеткізу және өнім бағасының негізсіз көтерілуіне жол бермеу туралы да келістік», - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов.

Азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін Алматы әкімдігі бірқатар кешенді шара қабылдады. Ірі сауда желілеріне Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 15 атауын төмен бағамен алып-сату үшін жеңілдіктер берілді: нан жеткізу үшін «Ақсай «ХБК» ЖШС, сиыр еті мен тауық етін жеткізу үшін Union Products ЖШС, сиыр етін жеткізу үшін «Асыл Meat» ЖШС. Сонымен қатар, «Ақсу Кант» ЖШС-нен Magnum сауда желісіне 3,5 мың тонна қант белгіленген баға бойынша жеткізіле бастады. 3 жыл мерзімге шекті баға бойынша 49,6 млн жұмыртқа жеткізу үшін «Алсад» ЖШС-мен келісімге келді.


Соңғы жаңалықтар