+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Алматыға Ауғанстаннан БҰҰ қызметкерлері мінген тағы бір ұшақ  келді

2021 жылғы 23 тамыз 13:07
Бөлісіңіз:
Алматыға Ауғанстаннан БҰҰ қызметкерлері мінген тағы бір ұшақ  келді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Ауғанстаннан БҰҰ қызметкерлері мінген екінші рейс Алматыға келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Египетпен арадағы әуе қатынасы тоқтатылды Алып ұшақты сүйрету рекордын елордалық полицей орындады Министр Қазақстан-АҚШ авиарейсін іске қосу неліктен созылып кеткенін түсіндірді

«Кеше БҰҰ қызметкерлері мінген екінші рейс келді. Бортта 108 адам бар. Барлық орналастыру мәліметі бұған дейін баспасөз брифингінде айтылған ақпаратпен бірдей. Олардың Қазақстанға келуіне кеткен барлық шығын БҰҰ есебінен төленеді», - деді БҰҰ баспасөз қызметінен.

Қазір барлық жолаушы карантинде, олар ПТР тест тапсырды. Қазір тест нәтижесін күтіп отыр. Айта кету керек, барлық қызметкерлер вакцинацияланған.


Бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауғанстанға көмек көрсету миссиясы неге Алматыда орналасқанын түсіндірген болатын.

Айта кетейік, 18 тамызда UNAMA қызметкерлері бар алғашқы борт Алматы әуежайына қонғаны хабарланған болатын. Келген қызметкерлер халықаралық дипломат, БҰҰ паспорты мен иммунитеті иегері. Қызметкерлердің тұруы, кеңсе мен үй-жайды жалға алуы және т.б. барлық шығын толығымен БҰҰ-ның бюджетінен қаржыландырылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT